Дзюдодан екі спортшымыз Grand Slam турнирінің 1/2 финалына өтті
ijf.org
Екі отандасымыз да 81 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күреседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің 1/2 финалына өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, екі отандасымыз да 81 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күреседі.
Жалғас Қайролла ширек финалда молдовалық Виктор Стерпумен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.
Сондай-ақ Досжан Жолжақсынов өз ширек финалында ресейлік Егор Сухопаровты жеңді.
Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.
Оқи отырыңыз: Елена Рыбакинаға Рим турнирінде қарсылас шақ келмеді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10