Ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Әділет Алмат Ордоста (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық дзюдошы 81 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңді.
Осылайша, Әділет Алмат Азия чемпионатын алтын медальмен аяқтады.
Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар.
Бұған дейін Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Әскер барысы - 2026» турнирі өтіп, жеңімпаздар анықталды