Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Гран-при турнирінде топ жарды

t.me/olympickz
t.me/olympickz

Спортшы Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.

Соның нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.

Оқи отырыңыз: Мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту: QH жобасы қалай жүзеге асырылады