Дзюдошыларымыз Азия чемпионатының алтыны үшін кімдермен күш сынасады

19.04.2026 12:16

Енді Қазақстан ақтық сайыста Моңғолиямен күш сынасады

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Ордос қаласында (Қытай) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, финалға шығу үшін қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен кездесті.

6-ға 6 форматында өткен командалық бәсеке 3:3 есебімен тең аяқталды.

Жеребе қорытындысы бойынша шешуші белдесу 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

Бұл кездесуде қазақстандық дзюдошы Мөлдір Нарынова жеңіс ұпайын алып, командасын финалға шығарды.

Қазақстан құрамасы сапында Бақыт Құсақбаева (-57 кг), Мөлдір Нарынова (-70 кг), Назгүл Маратова (+70 кг), Ануар Жұмагелдин (-73 кг), Айбол Нысанәлі (-90 кг), Марат Байкамуров (+90 кг) өнер көрсетті.

Енді Қазақстан ақтық сайыста Моңғолиямен күш сынасады.

Финалдық белдесу Астана уақытымен сағат 13:00-де өтеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады