Екеуі - алтын: Қазақстан командасы Азия кубогында 6 медаль жеңіп алды

26.04.2026 15:16

Жарысқа 15 мемлекеттен 383 спортшы қатысты

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бүгін Корея Республикасының Чхунджу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогының финалдары аяқталды,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, еліміздің Ұлттық құрамасы бәсекеде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

Жүлдегерлер:

  • Алтын - Иван Чернухин мен Владислав Яковлев (әр спортшыда 1 ескектен, жұптық сын);
  • Алтын - 4 адамдық ерлер командасы (әр спортшыда 1 ескектен жұптық сын) Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Алексей Красновский, Владислав Галкин;
  • Күміс - Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев (жеңіл салмақтағы жұптық жарыс, қос ескек);
  • Күміс - Мария Чернец пен Екатерина Носкова жұбы (әйелдер арасында жеңіл салмақ);
  • Күміс - Артём Матусевич (жекелей сын, ерлер арасындағы жеңіл салмақ)
  • Қола - Роза Кеңес (әйелдер арасындағы жеңіл салмақ).

Сонымен қатар А финалында жүлдеге таласқан Бапан Асханбек, 4 адамдық Қазақстан әйелдер командасы (әр адамда бір ескекті), 4 адамдық ерлер құрамасы мен Анастасия Кулинич 4-болып мәреге жетті.

Айта кетейік, жарысқа 15 мемлекеттен 383 спортшы қатысты.

Жалпыкомандалық есепте Гонконг командасы (5 алтын, 1 күміс, 1 қола) 1-орын алса, Вьетнам мен жарыс қожайыны Корея үштікті түйіндеді.

Қазақстан спортшылары 4-орынға тұрақтады.

Оқи отырыңыз: Шоколадтағы құлпынайды қалай дұрыс таңдау керек