Шешуші матчта спортшы Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауффпен кездесті. Кездесу 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.
Қазақстандық спортшы US Open турнирінде алғаш рет финалға жолдама алды.
Шешуші матчта Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Жартылай финалда Соболенко америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік қорғау жүйесі қалай өзгеріп жатыр