Елена Рыбакина Лондондағы турнирден шығып қалды

13.06.2026 10:56

12 маусымда теннисшілерге екі матч өткізуіне тура келді

Depositphotos.com

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап. деп хабарлайды .

Қазақстандық теннисші Лондондағы WTA 500 турнирінің ширек финалында әлемдік рейтингіде 73-орындағы ұлыбританиялық Кэти Бултермен кездесті. 

Бейсенбі күнгі ойындар кейінге қалдырылғандықтан, 12 маусымда теннисшілерге екі матч өткізуіне тура келді. К.Бултер екінші айналымда румыниялық Жаклин Кристианмен бәсекесі 1 сағаттан астам уақытқа созылды. Ал Е.Рыбакина германиялық Татьяна Мариямен кездесуге 2 сағат 9 минутын жұмсады.

Сондықтан біршама тың көрінген К.Бултер екі сағат 38 минутқа созылған тартысты бәсекеде 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз: Алматыда 15-21 маусым аралығында ауа райы қандай болады