Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалына шықты

26.01.2026 12:45

Теннисші әлемдік рейтингте бесінші орынға ие

Depositphotos

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінде табысты өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.

1/8 финал матчында ол бельгиялық спортшы Элиза Мертенсті (21) 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Жарыс 1 сағат 17 минутқа созылды. Рыбакина әлемдік рейтингте бесінші орынға ие.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 25 қаңтарда, Қазақстан атынан Анна Данилина жұптық разрядта ширек финалға шықты. Сол уақытта Юлия Путинцева жеке разрядта америкалық теннисші Ива Йовичке есе жіберді, ал Александр Бублик ширек финалға өте алмады.

Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында бесінші орын иеленді