Елена Рыбакинаға Рим турнирінде қарсылас шақ келмеді

09.05.2026 10:07

Теннисші келесі кезеңде филиппиндік теннисшімен кездеседі

Depositphotos.com

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан Internazionali BNL d’Italia жарысының үшінші айналымына сенімді түрде жолдама алды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемнің екінші ракеткасы атанған қазақстандық теннисші екінші кезеңде Грекия өкілі Мария Саккаримен кездесіп, қарсыласын екі сетте жеңді. (6:4, 6:1) Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.

Айта кетелік, келесі айналымда Рыбакина филиппиндік Александра Эаламен кездеседі.

Оқи отырыңыз: Қалай нақты мақсат қойып, оған тез жетуге болады