Бұл көрсеткіштер ел азаматтарының дәстүрлі және заманауи спорт түрлеріне деген қызығушылығының жоғары екен
Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистикада бұқаралық және өзге де спорт түрлері қамтылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Деректерге сәйкес, елімізде ең көп қатысушысы бар үйірме – футбол. Аталған спорт түрімен 1 113 299 адам айналысады. Айта кетерлігі, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады. Бұл – футболдың ел аумағында кең тараған әрі қолжетімді спорт түрі екенін дәлелдейді.
Кейінгі орындарға мына спорт түрлері жайғасқан:
Бұл көрсеткіштер ел азаматтарының дәстүрлі және заманауи спорт түрлеріне деген қызығушылығының жоғары екенін, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысы артып келе жатқанын көрсетеді. Министрлік бұқаралық спортты дамыту және өңірлерде қолжетімді спорт инфрақұрылымын қалыптастыру бағытындағы бағдарламаларды жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады.
Оқи отырыңыз: Алматы саябақтарында жарықтандыру бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде