Спорттың тоғыз түрін қамтыған сайыс қаланың бірнеше білім мекемесінде өтіп жатыр
Алматыда колледж оқытушылары мен қызметкерлері арасында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылған «Еңбек кубогы» турнирі жалғасын тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спорттың тоғыз түрін қамтыған сайыс қаланың бірнеше білім мекемесінде өтіп жатыр. Бүгін шағын футболдан жарыс өтіп, жиырмаға жуық команда өзара бақ сынасты. Сайыс әлі үш күнге жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Еңбек кубогі» медалімен, төсбелгілермен және мақтау қағаздарымен марапатталады. Ұйымдастырушылар «іс-шара – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ұжым ішіндегі достық пен ауызбіршілікті арттыруға бағытталған» дейді.
«Қала әкімінің қолдауымен Алматы қаласының колледждері арасындағы спартакиаданы бастаймыз. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, колледж мұғалімдерінің бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту», – деді колледж директоры Сейтбек Сүлейменов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 66 кәсіпорын 1,7 мыңнан астам жұмыскерге берешек