Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

13.03.2026 17:57

Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді

Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық шаруаларға 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беріледі