Жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 63 келідегі Есмигул Куюлова 3-орын үшін өткен белдесуде Өзбекстан спортшысы Маржона Нуруллаевамен жолығып, қосымша уақытта басым түсті.
Айта кетейік, отандасымыз 2023 жылы Ханчжоудағы Азиада да қола жүлде еншілеген болатын.
Бүгінгі жарыс күні әлі Әділет Алмат (81 келі) пен Ажар Асхат (70 келі) финалда күреседі.