FIDE World Cup 2025: Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы құттықтады

16.07.2025 14:34

Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі

Almaty.tv

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.

Оқи отырыңыз: Айти-Нагоя-2026: Азия ойындарының жазғы спорттық бағдарламасы бекітілді