Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанды Олимпиадада кім таныстырады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Қазіргі таңда бұл спорт түрі елде кешенді түрде 16 өңірде дамып келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде мәнерлеп сырғанаумен тұрақты түрде айналысатындар саны жыл сайын артып, бүгінде 2 700 адамға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстандық мәнерлеп сырғанау одағының вице-президенті Мұракерім Бұрхан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол спорт түрі елдің 16 өңірінде кешенді дамып келе жатқанын атап өтті. Жасөспірімдер спорт мектептеріндегі балалар саны 1 мыңнан асып, жаттықтырушылар саны да 70-тен асты.

Қазақстан аумағында мәнерлеп сырғанаумен айналысуға арналған 26 мұз аренасы жұмыс істейді. Оның 5-еуі халықаралық стандарттарға сай: «Алматы Арена», «Халық Арена», «Барыс Арена», «Қарағанды Арена» және Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы.

Мәнерлеп сырғанауда халықаралық аренада есімізге бірінші келген спортшылар — Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева, Михаил Шайдоров. Сонымен қатар әр жылдары Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғаған көптеген спортшылар бар. Дегенмен, әр спорттың ең биік шыңы — Олимпиада ойындары. Төрт жылда бір келетін төрткүл дүниенің додасына Тәуелсіз Қазақстан бес рет қатысты. 2014 жылы Сочи Олимпиадасында Денис Тен қола медаль жеңіп, тарих жасады, — деді Мұракерім Бұрхан.

2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада Қазақстанның намысын мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина қорғайтыны хабарланды.

Новости партнеров