Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында тағы жеңілді

14.11.2024 22:04

Қазақстан құрамасы Аустрия командасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды

 

Фото: kff.kz

Футболдан Станислав Черчесовтың жетекшілік ететін Қазақстан құрамасы Аустрия командасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 0:2 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.

Матчтың 23-минутында Марочкин қызыл қағаз алып, қазақстандық ойыншылардың саны азайып қалды. 

Қонақтар сапында бірінші таймда Кристоф Баумгартнер (15-минутта) және Михаэль Грегорич (25-минутта) гол салды. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында қатарынан төртінші рет жеңіліп, бес кездесуде бір ғана ұпай жинады және өз тобында соңғы орында келеді.  

Аустрия 5 матчтан 10 ұпай жинап, кіші топта көш бастап тұр.