Күдіктілерді қамауға алуға санкция берілді
Маңғыстау облысының прокуратурасы "Каспий" футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.
Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген.
"3 желтоқсанда футбол клубының экс-басшысын, "К" және "О" азаматтарын қамауға алуға санкция берілді", - делінген хабарламада.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Оқи отырыңыз: Елге қайтарылған активтер есебінен 300 орындық жатақхана салынады