Боксшының ең табысты кездесулерінің бірі - Сауль Альвареспен өткізген жекпе-жегі
Геннадий Головкиннің кәсіби мансап жолында тапқан табысы 150 миллион долларға жеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Шетелдік Surprisesports ақпарат көзі мәліметінше, аталған соманың 82 млн доллары мексикалық Сауль Альвареспен өткізген үш жекпе-жектен түскен. Бұл Головкин мансабындағы ең табысты кездесулердің бірі.
Айта кетелік, орта салмақта өнер көрсеткен өзге танымал боксшылардың табысымен салыстырғанда, Головкиннің қаржылық көрсеткіші жоғары деңгейде. Мәселен, Бернард Хопкинс кәсіби мансабында 60 миллион доллар, ал Оскар Де Ла Хойя орта салмақта жүрген кезеңінде шамамен 50 миллион доллар тапқан.
Оқи отырыңыз: ХОК 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы ережелер жиынтығын бекітті