Президент бокстан Азия чемпиондарын құттықтады

09.04.2026 16:18

Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті

Depositphotos.com

Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионатындағы айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.