Мемлекет басшысы спортшыларды Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады
TIK TOK Nurdaulet Aidarkhan
Қазақстандық спортшылар дүбірлі дода қорытындысы бойынша 74 медаль жеңіп алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстандық спортшылар дүбірлі дода қорытындысы бойынша 74 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар.
Президент спортшыларымыздың бұл жоғары нәтижеге тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбектің және мұқалмас ерік-жігердің арқасында қол жеткізгенін атап өтті. Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын білдірді.
Оқи отырыңыз: Баскетбол және шоу: Алматыда Media Basket Almaty сайысы мәресіне жетті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
30.09.2026 10:58