Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды

17.07.2025 16:35

25-27 шілде аралығында Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында дзюдодан кезекті турнир өтеді

Almaty.tv

25-27 шілде аралығында Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, аталмыш жарысқа қатысатын қазақстандық балуандардың тізімі төмендегідей:

60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Нұраділ Әлжан

66 келіге дейін: Ержен Еренғайыпов, Бауыржан Нарбаев

73 келіге дейін: Саят Сейітқалиев

81 келіге дейін: Мейіржан Жұмабек

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

Ал әйелдер арасындағы сайыста Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) бақ сынайды.

Оқи отырыңыз:Будапештте күрес түрлерінен өтетін халықаралық турнирге кімдер қатысады