Ислам ойындарында қазақстандық джиу-джитсу шебері жеңімпаз атанды

20.11.2025 18:58

Алдияр Серік Мохаммед Хураймиланы (Сауд Арабиясы) жеңді

instagram.com/jj_kaz / фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Серік 69 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жеңіске жетті.

Финалда қазақстандық спортшы Мохаммед Хураймиланы (Сауд Арабиясы) жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде 13 алтын медаль бар.

Оқи отырыңыз: Ислам ынтымақтастығы ойындары: Мариан Журавлева джиу-джитсудан алтын медаль алды