Ислам ынтымақтастығы ойындары: Мариан Журавлева джиу-джитсудан алтын медаль алды

20.11.2025 15:38

Қазақстандық спортшы 70 келіге дейінгі салмақта топ жарды

instagram.com/jj_kaz / фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Мариан Журавлева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 70 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Бұл салмақта турнир айналмалы жүйе бойынша өтті.

"Журавлева үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетті", - делінген хабарламада.

Ол марокколық Ясмин Арбибтен, палестиналық Дания Убайдтан және ирандық Хасти Хаммудиден басым түсті.

Оқи отырыңыз: Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан құрамасы гандболдан финалға шықты