Тарихи сәт: «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы үйдегі алғашқы голын соқты

20.01.2026 22:29

Голдың авторы — Адилет Садыбеков

Depositphotos

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші турда бельгиялық «Брюгге» клубына қарсы матч өткізді. «Астана Аренада» өткен кездесу қонақтардың 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі.

«Брюгге» сапынан Александар Станкович (32-минут), Ханс Ванакен (38), Ромео Верман (74) және Брэндон Мехеле (84) мергендік танытты. Ал матчтың соңына қарай «Қайрат» жанкүйерлерін қуантты: 90+2-минутта Адилет Садыбеков штангадан серпілген допты қақпаға дәл бағыттады. Нәтижелі пас авторы — қорғаушы Александр Мрынский.

Жеңіліске қарамастан, алматылық команда халықаралық аренада маңызды тәжірибе жинауды жалғастыруда. Жеті турдан кейін «Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар, команда турнир кестесінде 36-орында тұр.

Еурокубоктың жалпы кезеңіндегі соңғы матчта Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері 28 қаңтар күні Лондонда ағылшынның «Арсенал» клубымен кездеседі.

Оқи отырыңыз: Қайрат – Брюгге: жанкүйерлері елорда төріне еліміздің әр аймағынан жиналып жатыр