«Қайрат» футбол клубы билет бағасына қатысты ресми түсіндірме жасады

Фото: instagram.com/f.c.kairat
Фото: instagram.com/f.c.kairat

Астанада билет бағасы 15 000 - 50 000 теңге аралығында сатылады

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қайрат» футбол клубы билет бағасына қатысты ресми түсіндірме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін алматылық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан), «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын «Астана Арена» стадионына көшіретінін хабарлады. Ал билет бағасы 15 000 - 50 000 теңге аралығында сатылады.

«Қайрат» УЕФА-ның баға саясатына сәйкес, Алматыдағы Орталық стадионда өтетін барлық ойынға бір билет бағасы бекітілгендіктен, оны қайта қарау мүмкін болмағанын мәлімдеді.

"Алматыдағы қолайсыз қысқы жағдайларға байланысты матчтарды Астанаға ауыстыру шешімі УЕФА-мен келісе отырып қабылданды. Ойын орнының өзгеруі оған қатысты талаптардың да өзгеруіне әкелді. Жаңа жағдайларды ескере отырып, клубта билет бағасын қайта қарау мүмкіндігі пайда болды", — делінген клуб мәлімдемесінде.

Еске салайық, «Қайраттың» өз алаңындағы «Реал Мадрид» және «Пафос» командаларына қарсы ойындарда билет 30-250 мың теңге аралығында сатылды.

Новости партнеров