Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған бокс турнирі мәресіне жетті

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға медаль, диплом және бағалы сыйлықтар табысталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда желтоқсаншы, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған бокс турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық ішкі саясат басқармасы мен «Social Project Management» қоғамдық қоры ұйымдастырған жарысқа 15 пен 20 жас аралығындағы 64 студент қатысып, 4 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Төрт күнге созылған турнир спортшылардың шеберлігін шыңдап, оқу орындары мен спорт ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға медаль, диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.

«Бұл – дәстүрлі турнир. Мақсат –  желтоқсандықтарға құрмет көрсетіп, олардың көрсеткен ерлігін еске алу. Сондай турнир жеңімпаздарын марапаттаймыз, – деді  олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов.

«Қайрат Рысқұлбековтың рухы биікте, ол – халықтың ұлы! Әрдайым еске алып тұру – жастардың мақсаты. Кездесу жастарға патриоттық тәрбие береді, мәні зор», – деді  «Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кенжебай Отарбаев.

Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды мен Геннадий Головкиннің жұмыс кездесуі өтті

Новости партнеров