Олар Анарбеков үшін 2,5 миллион еуро көлемінде трансферлік төлем жасауға дайын
Қысқы трансферлік терезе әлі ашылмай жатып, Темірлан Анарбековтің есімі Португалияның қос алпауыты "Бенфика" мен "Спортингтің" назарына іліккені белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Португалиялық журналист Альмейданың хабарлауынша, бұл клубтардың скауттары қазақстандық қақпашының ойынына ерекше қызығушылық танытып отыр. Олар Анарбеков үшін 2,5 миллион еуро көлемінде трансферлік төлем жасауға дайын. Қысқы трансферлік кезең ашылған бойда ресми ұсыныс жасалмақ.
Айта кетерлігі, "Қайрат" командасының қақпашысы UEFA Чемпиондар лигасындағы тамаша ойыны арқылы өзінің шеберлігін дәлелдеп, турнирдің үздік 7 ойыншысы қатарына енді. Ол "Пафосқа" қарсы кездесуде 10.0 деген ең жоғары баға алып, ерекше көзге түсті.
Үздік жетілікке енген футболшылар қатарында келесі жұлдыздар бар:
Темірланның бұл тізімде болуы оның кәсіби деңгейі мен болашағының зор екенін дәлелдейді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық каратэші әлем чемпионатының финалына шықты