Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 3 медаль алды

14.08.2026 12:36

Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды

t.me/olympickz

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үш медаль түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні еңсерді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды.

Әлихан Әскербай дәл осы салмақта жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні көтерді. 

Сондай-ақ 77 келіден жоғары салмақта жас жеткіншектер арасында Софья Шешукова 232 (100+132) келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірқатары арзандады

Толық көрсету