Қазақстан грек-рим күресінен Гран-при турнирінде алты алтын медаль жеңіп алды

16.08.2026 17:23

Отандастарымыз аталған турнирде 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды

United World Wrestling

Германияның Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен Гран-при халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы топ жарды, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Отандастарымыз аталған турнирде 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Арсен Жұма (55 келіге дейін), Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (63 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін), Мерей Мәулитқанов (77 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Дәулет Әшірханов (63 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін), Ғалым Қабдунасаров (63 келіге дейін), Мәди Данелов (72 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін), Диас Кален (87 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте көш бастады.

Оқи отырыңыз: Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінің жеңімпазын құттықтады

Толық көрсету