Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

19.04.2026 15:06

Финалда отандастарымыз Моңғолия құрамасына жол берді

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында аралас командалық жарыста күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv

Спортты дамыту дирекциясынан хабарлағандай, финалда отандастарымыз Моңғолия құрамасына жол берді.

Жалпы командалық есеп:

  • 1-орын – Моңғолия;
  • 2-орын – Қазақстан;
  • 3-орын – Қырғызстан, Корея Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанған.

Ұлттық құрама сапында: Дана Әбдірова (-57 кг), Ажар Асхат (-70 кг), Аида Тойшыбекова (+70 кг), Ануар Жұмагелдин (-73 кг), Айдар Арапов (-90 кг), Ғалымжан Қырықбай (+90 кг) өнер көрсетті.

Бұған дейін жекелей сайыстар қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енген еді.

Команда сапында жүлде алған спортшылар:

  • Әділет Алмат (-81 кг) – төрт жылдан кейінгі алтын;
  • Эсмигүл Куюлова (-63 кг);
  • Аруна Жангелдина (-78 кг);
  • Абылайхан Жұбаназар (-81 кг);
  • Айдар Арапов (-90 кг).

Осылайша, дзюдодан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Оқи отырыңыз: Қазақстан кәсіби мамандарға басымдық береді: елге кіру мүмкіндігі барынша қолжетімді бола түсті