Қазақстан су добынан әлем чемпионатында Сингапурды жеңді

05.08.2026 10:15

Тартысты өткен матчта жерлестеріміз жеңіске жетті

World Aquatics

Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстандық спортшылар бұл кездесуде Сингапур құрамасымен күш сынасты. Тартысты өткен матчта жерлестеріміз жеңіске жетті.

Негізгі уақыт тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандық ойыншылар дәлдік танытып, қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп - 16:15. Ернар Тілекқабыл кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Мысырға 9:14 есебімен есе жіберген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругваймен кездеседі.

Оқи отырыңыз: 5 тамызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр