Елімізде 743 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі спортшы тіркелген
Елімізде параспорт жүйелі түрде дамып келеді. Спортшылар саны жыл сайын артып, балалар мен өңірлерге ерекше назар бөлініп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Туризм және спорт министрлігінің дереген сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 743 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі спортшы тіркелген. Оның ішінде 100 мыңнан астамы – балалар.
Инклюзивті спортты дамыту болашақ ұрпақ үшін де маңызды. Соңғы жылдары мыңдаған адам спорт арқылы өз өмірін өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Әсіресе балалар спортына ерекше көңіл бөлініп, ауылдық жерлерде де қолжетімділік артып келеді.
Бүгінде елімізде паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлері жүйелі түрде дамып, халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіліп жатыр.
Инфрақұрылым кеңейіп, арнайы спорт орталықтары ашылып жатыр.
"Мемлекет тарапынан да нақты қолдау бар. Заңнамалық өзгерістер арқылы параспортқа басымдық беріліп, ерекше қажеттілігі бар спортшыларға қосымша жағдай жасалуда", - делінген министрлік хабарламасында.
Алдағы жылдары еліміздің барлық өңірінде инклюзивті спорт орталықтарын ашу жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз: e-Өтініш жүйесі мемлекет пен азаматтар арасындағы диалогты қалай өзгертті