Қазақстандық 6 боксшы Странджа кубогының алтын медалі үшін сынға түседі

01.03.2026 14:32

1/2 финалдың қорытындысы бойынша бес отандасымыз финалға өтті

ЖИ көмегімен жасалған

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа турнирінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

1/2 финалдың қорытындысы бойынша бес отандасымыз финалға өтті.

Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) Элина Базарова (54 келіге дейін), Лаура Есенкелді (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) ақтық сында жұдырықтасады.

80 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец жеребенің қорытындысы бойынша финалға тікелей жолдама алған еді.

Осылайша, алты жерлесіміз алтын жүлде үшін бақ сынайды.

Ал Әнел Сақыш (54 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, финал бүгін, 1 наурызда өтеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан әйелдер құрамасы Muhamet Malo турнирінде 1-орын алды