Қазақстандық балуандар көшпенділер ойындарында жүлделі орындарға ие болды

02.09.2026 21:40

Расул Құрайыш – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері

Almaty.tv

Расул Құрайыш – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан (Эр-Эңиш) Қазақстан құрамасының спортшысы Расул Құрайыш 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.

Ақтық сында қырғызстандық қарсыласымен белдескен отандасымыз жеңіліс тауып, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Сондай-ақ  VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш күресінен қазақстандық спортшы Қожагелді Нұрсұлтан 3-орын иеленіп, ел қоржынына қола медаль салды.

Оқи отырыңыз: VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы 2 алтын медаль алды

Толық көрсету