Қазақстандық балуандар күрестен Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады

06.07.2026 17:39

U20 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды

United World Wrestling

Күрес түрлерінен Таиландтың Паттайя қаласында өткен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы аталған бәсекеде 18 медаль жеңіп алды.

Еркін күрес:

  • Алтын медаль: Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін)
  • Күміс медаль: Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін), Бейбарыс Ерғали (92 келіге дейін), Самир Дурсунов (97 келіге дейін).
  • Қола медаль: Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін), Асхаб Хаджиев (86 келіге дейін).

Әйелдер күресі:

  • Күміс медаль: Жаңыл Бекен (65 келіге дейін), Ұлдана Тілеухан (68 келіге дейін).
  • Қола медаль: Динара Дауылқызы (53 келіге дейін), Анна Стратан (57 келіге дейін), Айжан Мұратбай (59 келіге дейін).

Грек-рим күресі:

  • Күміс медаль: Бақдәулет Тұрсынбек (77 келіге дейін), Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін), Әлихан Тағаев (87 келіге дейін).
  • Қола медаль: Әмірмұхаммед Қабулов (55 келіге дейін), Алпамыс Болатұлы (60 келіге дейін), Максим Украинцев (97 келіге дейін).

Оқи отырыңыз: ТЖМ жаз айындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді