Бұған дейін команда Филиппин және Жапония құрамасымен ойнаған еді
Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі OLYMPIC.KZ-ке сілтеме жасап.
Топтық кезеңдегі соңғы кездесуінде ұлттық құрама Гонконг командасымен кездесті.
Қазақстандық баскетболшылар 80:77 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы топтық кезеңді бір жеңіс және екі жеңіліспен аяқтады. Бұған дейін команда Филиппиннен 58:86 есебімен, ал Жапониядан 23:88 есебімен жеңілген еді.