Жазғы Азия ойындары: Қазақстан бессайысшылары финалға шықты

17.09.2026 14:31

Әйелдер арасындағы финалдық жарыс 20 қыркүйекте өтеді

t.me/DRSQazaqstan

Бүгін Аичи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Отандастарымыз жарыстың екінші күнінде семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу мен laser run сайыстарында өнер көрсетті.

Еліміздің атынан Аяна Қазбекова (1363 ұпай) мен Диана Щедрова (1356 ұпай) өз топтарында бесінші орын алып, финалға жолдама алды.

Юлиана Петрова 1345 ұпаймен тоғызыншы нәтиже көрсетіп, шешуші кезеңге өтті.

Әйелдер арасындағы финалдық жарыс 20 қыркүйекте өтеді.

Оқи отырыңыз: «Ажарлы Алматы»: әр өңірден келген суретшілер қала көркін шығармасында бейнеледі

Толық көрсету