Қазақстандық екі спортшы таеквондодан Азия чемпионатында жүлделі болды

22.05.2026 14:50

Қазір Қазақстан еншісінде 3 қола медаль болды

t.me/DRSQazaqstan

Эльдар Бірімбай мен Назым Махмутова Азия чемпионатында жүлделі болды Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатының 2-жарыс күнінде жартылай финалдар аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл кезең нәтижесінде Қазақстан командасының қоржынына 2 қола медаль түсті.

Әйелдер арасында -73 кг салмақтағы Назым Махмутова жартылай финалда Қытай өкілі, Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Сун Цзеге есе жіберді. Есеп: 1-2.

Ал -74 кг салмақтағы отандасымыз Эльдар Бірімбай ирандық Амир Сина Бахтияриден ары аса алмады. Есеп: 1-2.

Осылайша, Махмутова мен Бірімбай жарыста 3-орын алды.

Қазір Қазақстан еншісінде 3 қола медаль болды.

Оқи отырыңыз: Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды