Қазақстандық ескек есушілер халықаралық жарыста алтын жүлде жеңіп алды

07.06.2026 09:17

Айтулы додаға 447 спортшы қатысып жатыр

Depositphotos.com

Ресейде академиялық ескек есуден «65-шы Үлкен Мәскеу регатасы» халықаралық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен хабарлағандай, 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2000 метр қашықтықта JM2 санатындағы жұптық сында бақ сынаған Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев 06:50.25 секунд уақыт көрсеткішімен бірінші орын иеленді. Бұл бағдарламада күміс және қола жүлделер ресейлік спортшыларға бұйырды.

Сондай-ақ кеше ересектер арасында отандастарымыз Бауыржан Сұлтанов пен Александр Афанасьев жұбы жеңіл салмақтағы 2000 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, аталмыш додаға 6 елден 447 спортшы қатысып жатыр.

Оқи отырыңыз: Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам жетекші университетінен ұсыныс алды