Қазақстандық ескекшілер әлем чемпионатының финалына жолдама алды

27.08.2026 16:46

Бағдарлама бойынша финал 29 тамызда өтеді

Depositphotos.com

Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, әйелдер арасында каноэде 200 метрлік жұптық жарыста Мария Бровкова мен Ульяна Киселева іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Отандастарымыз қашықтықты 46.61 секундта жүзіп өтіп, өз тобында үшінші болып мәреге жетті. Осылайша, ақтық сынға жолдама алды.

Айта кетейік, бұл бағдарлама бойынша финал 29 тамызда өтеді. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әйел курьерлерге әлеуметтік қолдау көрсету тетігі енгізіледі

Толық көрсету