Қазақстандық каратэші әлем чемпионатының финалына шықты

30.11.2025 14:39

Софья Берульцева Ұлыбритания өкілі Рошель Уолтерсты жеңді.

Depositphotos.com

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева каратэден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Берульцева 68 келіден жоғары салмақта алтын медаль үшін бақ сынайды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Ұлыбритания өкілі Рошель Уолтерсты жеңді.

Отандасымыз шешуші бәсекеде германиялық Йоханна Кнерпен кездеседі.

Ал қола медаль үшін Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) сынға түседі.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық теннисші Исламабад турнирінің жеңімпазы атанды