Алматылық жанкүйерлер Әлем чемпионатының жеңімпаздарын мерекелік көңіл күймен қарсы алды
Қазақстан командасы Қытайда өткен Әлем чемпионатында волейболды отырып ойнау бойынша қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Алматылық жанкүйерлер Әлем чемпионатының жеңімпаздарын мерекелік көңіл күймен қарсы алды. Ханчжоу қаласында ұйымдастырылған додада ерлер арасында 16 елден келген ұлттық құрама бақ сынады. Отандастарымыз Бразилия, Хорватия және Ирак командаларымен сынға түсіп, топтық кезеңді екінші орынмен аяқтап, плей-офф кезеңіне жолдама алған. Нәтижесінде, 1/8 финалда жерлестеріміз польшалықтарды 3:0 есебімен жеңіп, ал ширек финалда Руанда құрамасын 3:0 есебімен ұтқан. Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық спортшылар Бразилия құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, қоланы қанжығалады.
«Жарыс 10-17 шілде аралығн өтті. Ұлттық құрама сапында 14 спортшы өнер көрсетті. Атырау облысынан 10, үшеуі Қызылорда облысы, бір спортшы Маңғыстау облысынан келді. Жарыстың барысында оқу жаттығу жиындарын бірнеше мәрте өткіздік. Соның арқасында Әлем чемпионатында жақсы өнер көрсеттік деп есептеймін», – деді Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан командасының капитаны Бауыржан Сартаев.
«Әлемде 70-тен аса команда бар. Соның ішінде үздік 16 команда былтыр әр өз құрлықғында қатысты. Әлем чемпионатында 2 шәкіртім, біреуі Әлемнің үздік шабуылшысы және Әлемнің үздік қорғаушысы либеро дейді волейболда, екі спортшымыз Қазақстанның Әлем чемпионатының үздік ойыншылары атанды», – деді Волейболды отырып ойнау спорт түрінен бас жаттықтырушы Бауыржан Тахауов.
Оқи отырыңыз: Қазақстан жастары дзюдодан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды