Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында тағы бір қола медаль алды

16.08.2026 17:56

Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты соңғы күні өтіп жатыр

Depositphotos.com

Будапеште (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарыс аясында Виктор Друзин еркін бағдарламада 257,1201 ұпай жинап, қола медаль иеленді.

Бұл бағдарламада Ресей спортшысы Захар Трофимов 267,0426 ұпаймен жеңімпаз атанды. Ал Испания өкілі Энеко Санчес Агилар 264,4163 ұпаймен екінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін Друзин техникалық бағдарламада да үшінші орын алған болатын.

Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада екінші нәтиже көрсетті. Сондай-ақ отандастарымыз акробатикалық бағдарламада да екінші орынға ие болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан грек-рим күресінен Гран-при турнирінде алты алтын медаль жеңіп алды

Толық көрсету