Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатында қола медальға ие болды

18.04.2026 09:56

Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті

Федерацияның баспасөз қызметі

Қазақстандық таеквондошы Әділет Шері Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

Ол бұл кезеңде Тунис өкілі Малек Макронимен кездесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша Әділет Шері әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Айым Серікбаева (44 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін), Ислам Медетбай (55 келіге дейін) және Алидар Абдукаримов (68 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық кітап күні: Қазақстанда демалыс күндері қандай іс-шаралар өтеді