Спортшы U13 жас санатында екінші орынға ие болды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы турнирде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, спортшы U13 жас санатында екінші орынға ие болды.
Ол турнир барысында Жания Эма Калужаны (Словения) – 3:0, Зита Петровичті (Хорватия) – 3:0, Сара Серпаны (Румыния) – 3:0, Стелла Пресецкиді (Хорватия) – 3:0, Линь Цзяцзюньді (Сингапур) – 3:0, Изабела Пастинаны (Румыния) – 3:0 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық спортшы Лизетт Фазекашқа (Хорватия) 1:3 есебімен есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Оқи отырыңыз: Кезекте тұрғандар ауылдық жерлердегі жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдай алады