Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңіспазы атанды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістандағы ITF W15 турнирінің жұптық сынында үздік шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Финалда Құламбаева ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Александра Купарев пен Севил Юлдашева дуэтін сенімді жеңді.
Финал 6-1, 6-4 есебімен аяқталды.
Соңғы бірнеше апта ішінде Жібек үшінші турнирінде жеңіске жетіп отыр.
Оқи отырыңыз: 5 сәуірде Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр