Қазақстандық төрт боксшы World Boxing рейтингінде көш бастады
- World Boxing рейтингінде қазақстандық 10 боксшы үздік ондыққа енді
World Boxing халықаралық федерациясы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Жаңартылған рейтингте Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) көш бастады.
Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) екінші сатыға жайғасты.
Ал Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ үздік ондыққа мына спортшылар кірді: Сабыржан Аққалықов (4-орын, 75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (4-орын, 80 келіге дейін), Надежда Рябец (4-орын, 80 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (6-орын, 60 келіге дейін), Виктория Графеева (6-орын, 60 келіге дейін), Елдана Тәліпова (7-орын, 80 келіден жоғары), Ертуған Зейнуллинов (9-орын, 65 келіге дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (9-орын, 85 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (9-орын, 90 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (10-орын, 70 келіге дейін).
Оқи отырыңыз: Жол жөндеуге бөлінген: Павлодар облысында 45 млн теңге жымқырғандар анықталды