Қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

22.07.2026 11:56

Спортшыларымыз алты алтын, жеті күміс және үш қола медаль ұтып алды

Depositphotos.com

Таиландтың Бангкок қаласында жас ерекшеліктері бойынша су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасының жүзгіштері жарысты алты алтын, жеті күміс және үш қола медальмен аяқтады.

Алтын медаль иегерлері:

- Александр Румынский – 100 метрге шалқалап жүзу;

- Даниил Чужинов – 200 метрге кешенді жүзу;

- 4×100 метрге жүзуден аралас эстафета, А тобы;

- Александр Румынский – 200 метрге шалқалап жүзу;

- Анатолий Руденко – 100 метрге брасс әдісімен жүзу;

- Анатолий Руденко – 50 метрге брасс әдісімен жүзу.

Күміс жүлдегерлер:

- Александр Миронычев – 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу;

- Дарья Чеснокова – 50 метрге шалқалап жүзу;

- Федор Диденко – 800 метрге еркін стильмен жүзу;

- 4×100 метрге жүзуден аралас эстафета, B тобы;

- 4×200 метрге еркін стильмен жүзу эстафетасы, А тобы;

- Александр Миронычев – 50 метрге еркін стильмен жүзу;

- 4×100 метрге жүзуден аралас эстафета, А тобы.

Қола жүлдегерлер:

- Федор Диденко – 400 метрге еркін стильмен жүзу;

- 4×100 метрге еркін стильмен жүзу эстафетасы, А тобы;

- Даниил Чужинов – 400 метрге кешенді жүзу.

Айта кетейік, құрлық біріншілігінде жасөспірімдер мен жастар санатындағы спортшылар бақ сынауда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды