Шешуші кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дастан Сатпаев ойын соңында сары қағаз алып қалды. Сары қағаздың көптігінен Дастан Алматыда болатын шешуші ойынға қатыса алмайды.
Transfermarkt сайтының есебі бойынша "Селтик Глазго" ойыншыларының жалпы құны 131 млн евро. Ал "Қайрат" ойыншыларының ортақ бағасы 13 млн евроға жетер-жетпес.
Яғни Алматылық "Қайрат" өзінен 10 есе қымбат қарсыластармен тең ойнады.
Шешуші кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді.
Оқи отырыңыз: Қазақ күресінен әскерилер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы үздік шықты