"Қайрат" пен "Пафос" матчы қарсаңында баспасөз мәслихаты өтті

«Қайрат» футболшылары Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлайтынын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаймыз». Бүгін Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Қайрат» пен «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихаты болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Алматылық клубтың бас жаттықтырушысы мен қорғаушысы журналистердің сұрақтарына жауап беріп, команданың ертеңгі ойынға дайындығын пысықтады. «Біздің жігіттер сақадай сай» деген Уразбахтин кипрлік қарсыластардың да оңай шағылатын жаңғақ емес екенін тілге тиек етсе, Тапалов отандастарын тарихи жеңіспен қуанту үшін қайраттықтар аянып қалмайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық «Қайрат» бұған дейін чемпиондар лигасында екі ойын өткізді. Өз алаңымызда испанияның «Реалынан» 5-0 болып жеңілсек, Португалияға барып «Спортингке» 4-1 есебімен есе жібердік. Ал ертеңгі «Пафоспен» болатын матч Орталық стадионда сағат 21:45-те басталады.  

«Ертеңгі ойынға көңіл күйіміз жақсы, команда дайын. Дайындыққа бел шешіп кірісіп жатырмыз. Жеңіске жетуге, еліімізге тарихи жеңіс алып келуге тырысамыз», - деді «Қайрат» футбол клубының қорғаушысы Еркін Тапалов.

Қоса кетейік, кипрлік “Пафос” Алматыға ұшып келді. Әзірге команданың бас жаттықтырушысы Хуан Карлос Карседоның бүгін баспасөз мәслихатын өткізіп, ойыншылардың жаттығу алаңында дайындалатыны ғана белгілі.  

Оқи отырыңыз: Алматы УЕФА Чемпиондар лигасының кезекті ойынын қабылдауға дайындалып жатыр

Новости партнеров